ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жанындағы Жарылыс ісі жөніндегі кеңестің отырысы

2022 жылғы 22 ақпанда ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Қ. Мақажановтың төрағалығымен онлайн режимде Жарылыс ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында Кеңестің Ережесі мен құрамына, жарылыс ісі саласындағы қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өнеркәсіптік жарылғыш материалдарды есепке алудың бірыңғай жүйесін құрудың орындылығы туралы мәселелер қаралды. Отырысқа мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП, салалық қауымдастықтардың, жарылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдардың, ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты. Кеңес ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңестің мақсаты жарылыс ісінің қауіпсіздігін жетілдіру, техногендік авариялардың, жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және себептерін жоюға және жарылғыш материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Ақпарат
Дата публикации
22 февраля 2022