Қостанай облысында облыстық басқармалардың басшылары тағайындалды

Қостанай облысында облыстық басқармалардың басшылары тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қалал мен аудан әкімдерімен селекторлық кеңесте облыстық басқармалардың жаңа басшыларын таныстырды.

Облыс әкімінің өкімімен облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы лауазымына БӘЙМЕНОВА Зәуре Әнуарбекқызы тағайындалды.

Зәуре Бәйменова бұған дейін Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Сондай-ақ, облыс әкімінің өкімімен Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып, бұрын «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған ОСПАНОВ Қайрат Темірханұлы тағайындалды.