Үздік ауыл әкімі

Үздік ауыл әкімі

Қостанай облысында ауылдық елді мекендердің дамуына үлесін қосып жүрген, қызметінде жоғары жетістікке жете білген «Үздік ауыл әкімі» Республикалық байқаудың қатысушылары арасында іріктеу кезеңі өтті.  Мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілеттерінен құрылған аймақтық конкурстық комиссия шешімімен 24 қатысушының 12 әңгімелесу кезеңіне өтті.

Іріктеуден өткен қатысушылар 2020 жылғы 25 шілдеден кешіктірілмей Өңірлік комиссиялардан жеке әңгімелесуден өтеді.

Сонымен қатар, үміткерлер әңгімелесу алдында келесі бағалау рәсімдерінен өтеді:

1) үміткерлердің мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы мәселелері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің сауалнамасы;

2) әкімнің халықпен кері байланыс орнатуы бойынша қызметін бағалау (жеке қабылдаулары, әлеуметтік желілердегі белсенділігі, БАҚ-тағы жарияланымдары, халықпен кездесулері, жиындары т.б.), осы бағытта қандай жетістіктерге жеткені, азаматтардың мәселелері шешілуде ме және т.б.;

3) жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін елді мекен тұрғындарының арасында сауалнама немесе онлайн дауыс беру;

4) «Үздік ауылы әкімі» атағына мен неге лайықпын» деген тақырыпта көлемі 3 беттен аспайтын эссе жазу.

Ауыл және ауылдық округтердің тұрғындарын конкурсқа белсенді қатысып әкім туралы өз пікірлеріңізді облыстық әкімдіктің ресми сайтында қалдыруға шақырамыз.

Сіздің бағалауыңыз қатысушының «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурста қалуына себеп болады.

Өңірлік комиссия жеке әңгімелесу қорытындысы бойынша әр облыстан екінші кезеңге жіберілген кандидатты анықтайды. 

Үздік ауыл әкімі ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қостанай облысын республикалық деңгейде ұсынады.