
8 сәуірден бастап Қостанай облысының тұрғындары, атқарушы органдардың қызметкерлері, белсенділер, жастар мен кәсіпкерлер "Таза Қазақстан"экологиялық акциясы аясында азаматтық ұстанымын білдіреді.
Мемлекет басшысы бастаған Акция бүкіл елді қамтиды және 11 мамырға дейін жалғасады. Ол апта сайын өз алдына "Таза өлке", "Киелі мекен", "Жасыл аймақ", "Өнегелі ұрпақ" және "Мөлдір бұлақ" тақырыптары аясында өткізіледі.
"Киелі мекен" тақырыбындағы естелік және тарихи орындарға ерекше назар аударылады, бұл мұраны сақтауға және тарихи орындарды құрметтеуге ықпал етеді.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті тұрғындарды ортақ үйімізді таза әрі жақсы ету үшін бастамаға белсенді қатысуға шақырды.
Бүгін, ағымдағы жылдың 20 сәуірінде сағат 10: 00-де қалалық Жеңіс саябағында ескерткіштер мен сәулет нысандарының аумағын жинау бойынша сенбілік өтті. Іс-шараға мемлекеттік қызмет өкілдері, Облыстың жастар ресурстық орталығы, Ардагерлер кеңесі, сондай-ақ Қостанай қаласының жоғары оқу орындарының студенттері белсенді қатысты.
Қазіргі уақытта сенбіліктер Облыстың 20 аудандары мен қалаларында өтіп, 42 000-нан астам адам қосылып, 1800 тоннадан астам қоқыс шығарылды.