Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласындағы су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласындағы су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты


Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласындағы су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
Құмар Ақсақалов Восточное жалпы білім беретін мектебінде болып, SpaceX-тен орнатылған Starlink жабдығының көмегімен Интернетке қол жеткізу мүмкіндіктерімен танысты. Бұл облыстың шалғай аудандарында білім беру мекемелерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін маңызды. Бұған дейін Оңтүстік өңірдің табиғи сипаттағы төтенше жағдайына байланысты Қостанай облысының әкімдігі цифрлық даму министрлігімен бірлесіп білім беру объектілерін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін 30 Starlink кешенін жеткізу мәселесін пысықтаған болатын. Олардың барлығы білім беру сегментіне сәтті енгізіліп, конфигурацияланған. Сондай-ақ жақын арада облыс үшін тағы 150 кешен жеткізіледі, олар бірінші кезекте Жангелдин, Әулиекөл және Қарасу аудандарының білім беру ұйымдарында қосылады.
Айта кетейік, Қостанай облысының әкімдігі цифрлық даму және білім министрліктерімен бірлесіп Қостанай облысында аталған технологиямен 180 мектепті қамтуды жоспарлап отыр, онда мектеп оқушылары жоғары жылдамдықты Интернет арқылы онлайн білім беру ресурстарын пайдалана алады.
Зардап шеккендерге көмек
Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Біркенұлы Асановтың айтуынша, бүгінгі таңда жалпы сомасы 370 млн теңгені құрайтын 27 пәтерге келісімшарттар жасалған. Төлем жасалады. Барлық қажетті рәсімдерді өткізгеннен кейін пәтерлер зардап шеккендердің меншігіне өтеусіз беріледі. Қазіргі уақытта 4 отбасы өздерінің жаңа үйлеріне қоныстанды.
- Қызылжұлдыз ауылында 9,5 тонна азық-түлік және бірінші кезекте қажетті заттар түрінде гуманитарлық көмек көрсетілді. Су тасқыны кезінде ауылда 41 үй су астында қалды, оның 37-сі қалпына келтіруге жатпайды. Арқалық қаласына 185 адам, оның ішінде 43 оқушы эвакуацияланды.
Инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары
- Облыс басшысы Арқалық-Қызылжұлдыз жолындағы жөндеу жұмыстарының барысымен, оның ішінде темірбетон көпірі мен су өткізу құбырларын орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Жобаның жалпы сомасы 120 млн. теңгені құрайды.
- Жүргізілген техникалық тексеру барысында Арқалық қаласында зардап шеккен 92 құрылыстың 73-і қалпына келтіруге жатпайтыны анықталды (оның ішінде 37-сі Қызылжұлдыз ауылында, 23-і Екідинде, 11-і қыстауда және 2-сі қалада).
Қалпына келтіруге жатпайтын 73 ғимарат иесінің 59 отбасы қалаға көшуге ниет білдірді. Құны 15 млн теңгеге дейінгі пәтерлерді сатып алуға республикалық бюджеттен 405 млн теңге бөлінді.
Жылжымалы және жылжымайтын мүліктің залалын бағалау жөніндегі комиссияның жұмысы жалғасуда. Бүгінгі таңда 202 өтініш тексерілді.
- Арқалық қаласына су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан жалпы сомасы 300 млн теңгеге 811 өтініш түсті.
Бүгінгі таңда 637 отбасына 100 АЕК (369 мың теңге) көлемінде өтемақы төленді. Қалған 174 өтініш берушіге өтемақы мобильді топтардың мүлікті тексеру актілерін алғаннан кейін аптаның соңына дейін төленеді.
Биологиялық активтер бойынша 454 бас мал үшін 36 млн 826 теңге төленді. Өлген жануарлардың санын анықтау жөніндегі комиссия жұмысы жалғасуда. Барлық шығындар толық көлемде өтеледі.
Тұрғындармен кездесу
Облыс басшысы Қызылжұлдыз ауылының тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады.
Қорытындылай келе, облыс басшысы мемлекеттің елді мекендерді қалпына келтіруге және тұрғындарды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екендігін атап өтті.