Жергілікті атқарушы органдар су тасқыны салдарын жою, оның ішінде зардап шеккендерге мүліктік шығындарды қалпына келтіруге көмек көрсету бойынша белсенді жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта зардап шеккен мүлік пен тұрғын үйлерге техникалық тексеру және залалды бағалау жүргізілуде.
Тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін зардап шеккендерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге келтірілген залалды бағалау негізінде ақшалай қаражат түрінде өтемақы төленетін болады. Егер тұрғын үйлер апатты және қалпына келтіруге жатпайтын деп танылған жағдайда, мұндай үйлердің меншік иелеріне тұрғын үй сатып алу немесе ауданы 80 шаршы метр болатын үлгілік жоба бойынша жаңасын салу арқылы өтемақы берілетін болады. Зардап шеккендерге тұрғын үй беру тәсілдері туралы мәселе Үкімет деңгейінде шешілу сатысында тұр, бұл туралы қосымша хабарланатын болады.
Ағымдағы жылдың 14 сәуіріндегі жағдай бойынша үш өңірде 367 тұрғын үй зерттелді, оның 163-і алдын ала деректер бойынша қалпына келтіруге жатады, ал 204-і қалпына келтіруге жатпайды. Амангелді ауданында 100 үй зерттелді, оның 61-і қалпына келтірілмейді, ал 39-ы жөндеуді қажет етеді. Жангелдин ауданында 84 үй зерттелді, оның 67-сі қалпына келтірілмейді, ал 17-сі жөндеуді қажет етеді. Арқалық қаласында 183 үй зерттелді, оның 76-сы қалпына келтіруге жатпайды, ал 107-сі жөндеуді қажет етеді.
12 сәуірде Үкіметтің төтенше резервінен Арқалық қаласында тұрғын үй сатып алу үшін 405 миллион теңге бөлінді. Тексеру жүргізілген кезде қажетті қаражат кезең-кезеңімен бөлінетін болады.
Зардап шеккен тұрғын үйлерді тексеру жұмыстары жалғасуда.