Қостанай облысында карантин режимі күшейтіледі

Қостанай облысында карантин режимі күшейтіледі

Мұндай шешім коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы барысында қабылданды.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов соңғы күндері короновирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын атап өтті.

Карантиндік шараларды сақтау мониторингінің нәтижелері бойынша, сондай-ақ облыс аумағында КВИ ауруынын өсуін ескере отырып, жедел штаб а. ж. 18-30 маусым аралығында келесі шектеу шараларын енгізу жөнінде шешім қабылдады:

  1. а. ж. 19 маусымда сағат 00.00 бастап 3 санитарлық бекетті орнату, «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған», «Қостанай – Рудный», «Арқалық – Амантоғай» автожолдарында.
  2. Аттракциондар мен субұрқақтардың, үрлемелі конструкциялардың (батуттар) жұмысына тыйым салу;
  3. Караоке барлардың, бильярд, боулинг орталықтарының, тату-салондардың, массаж салондарының жұмысына тыйым салу;
  4. ХҚКО-ға онлайн режимінде қызмет көрсетуге көшу, онлайн режимінде жүзеге асыру мүмкін емес қызметтерді жазу бойынша сағат 10-00-ден 18-00-ге дейін;
  5. Сұлулық салондарының, шаштараздардың жұмысын тек жазу бойынша 10-00-ден 18-00-ге дейін шектеу;
  6. Білім беру орталықтарының жұмысы, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары 9-00-ден 16-00-ге дейін (толтырылуы 15 адамнан артық емес);
  7. Өнеркәсіп тобының тауарларын өткізетін объектілердің жұмысын 20-00-ге дейін шектеу;
  8. Азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың жұмысын 10-00-ден 16-00-ге дейін шектеу;
  9. Мемлекеттік қызметшілердің 80%-ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру, селекторлық режимде жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференциялар және бейне конференциялар өткізу.

Сондай-ақ, «Болашақ» балалар лагерінің әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып, жұмысын рұқсат ету туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, әлі де тыйым салынған:

- Адамдар көп жиналатын ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша;

- Отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және басқа да іс-шаралар, кейтерингтік қызметтер және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету;

- Кинотеатрлар, көрермендерді тамашалауға арналған театрлар, барлық түрдегі ойын алаңдары (аулалардан басқа);

- Түнгі клубтардың, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің жұмыс істеуі;

-Сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан фуд-корттардың, кинотеатрлардың, ойын-сауық объектілерінің жұмысы және оларда мәдени-көпшілік бағдарламалар өткізу;

- 4 қала сыртындағы балалар лагерін қоспағанда, Балаларды сауықтыру лагерлері мен мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы;

- Спорттық жарыстар өткізу.

             «Маңызды!» ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша алдағы демалыс күндері эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында а.ж. 20-21 маусым аралығында 50 мың адамнан асатын елді мекендер үшін, Қостанай және Рудный қалалар қосымша уақытша шектеулер енгізіледі:

             - қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтату;

             - 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеулетің болады.

Өңір басшысы кезекті рет облыс тұрғындарын жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға зор жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«Талдау көрсеткендей инфекцияның таралуына еңбек, әлеуметтік, отбасылық байланыстардың артуы себеп болып отыр. (…) Яғни адамдар масканы кимейді, қашықтықты сақтамайды, тұрмыста және жұмыста қол гигиенасын сақтамайды.  Сонымен қатар, өз қызметін қайта бастаған нысандарда санитарлық-дезинфекциялық режим дұрыс орындалмайды», - деді Архимед Мұхамбетов.

Жалпы Қостанай облысының аумағында COVID-19 инфекциясымен 247 жағдай тіркелген, бұл ретте аурудың апта сайынғы өсімінің жай – күйін талдаумен 1-7 маусым аралығында аурудың 29 жағдайы есепке алынды, өсім 15,9%, 8-15 маусым аралығында 56 жағдай, өсім-26,5% құрады.

 «Сондай-ақ кәсіпкерлерге жүгінемін. Сіздердің қызметкерлеріңізге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Оларды қолғаппен, маскалармен және басқа да қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету қажет», - деді облыс әкімі.

«Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда, бұрын енгізілген карантиннің босаңсуы жойылады және облыс күшейтілген карантин жағдайына оралады», - деп қорытындылады Архимед Мұхамбетов.

 

 

                                                        Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

                                                        Фото Бердіболат Коркембаев