Су тасқыны жағдайы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың жеке бақылауында

Су тасқыны жағдайы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың жеке бақылауында

Облыстағы су тасқыны, әсіресе оңтүстік өңірлердегі су тасқыны облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың жеке бақылауында.
Облыстың автожолдарында барлығы 14 су тасқыны орын алды. Атап айтқанда, Республикалық маңызы бар 2 жол, облыстық маңызы бар 3 жол және жергілікті маңызы бар 9 жол, оның ішінде Республикалық маңызы бар 2 жол бойынша көлік қозғалысы шектелді.
Облыс бойынша барлығы 161, оның ішінде 31 аула аумағы мен 130 тұрғын үй су астында қалды.
Барлық учаскелерде 965 адам, 496 техника, 164 мотопомпа, 22 қайық, 4 вертолет жұмылдырылды.
Жалпы, 716 адам құтқарылды (Арқалық қ. – 357 адам; Амангелді ауданы – 195 адам; Жангелді ауданы-164 адам).
Облыс бойынша су тасқыны кезеңінде барлығы 482 мың м3, өткен тәулікте 144 мың м3 су тартылды.
Су тасқыны кезеңінде 570 тонна инертті материалдар қолданылды.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша келтірілген шығынды өтеу жөніндегі комиссия құрылды.
Жапа шеккендерге 50 АЕК немесе 184,6 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ол үшін әкімдікке немесе ауылдық округ әкіміне келтірілген залал фактісін растайтын өтінішпен және құжаттармен (ТЖ органдарының анықтамасымен)жүгіну қажет.
Жылжымайтын мүлік бүлінген жағдайда (үйлер, ғимараттар), жылжымалы мүлік (автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы және т.б.), мал және т. б.. зардап шеккендерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен төлемдер жасалады. Ол үшін жергілікті әкімдіктерге жүгіну қажет. Залалдың мөлшерін жергілікті атқарушы органдар тартатын тәуелсіз бағалаушылар айқындайды.
Сондай-ақ, бюджет қаражатынан басқа, демеуші азаматтар мен кәсіпкерлердің есебінен көмек көрсетілетін болады.
2024 жылғы 29 наурызға барлық үш өңірде залалды өтеу жөніндегі аудандық комиссиялар құрылды, олардың құрамына барлық қажетті уәкілетті органдар кірді.
Залалды өтеу бағалау жүргізілгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады, "Стелла" ЖШС үш аудан бойынша жұмыс атқаратын болып шешілді.
Жергілікті бюджет есебінен өтеу үшін зардап шеккендерден өтініштерді қабылдау жүргізілуде.
Қазіргі уақытта, Қызыл Жұлдыз ауылы бойынша, 33 отбасына 18 400 мың теңге көлемінде өтемақы төленді.