
Қостанай облысының оңтүстік өңірлерінде қалыптасқан жағдайға байланысты Амангелді және Жангелді аудандарының көпшілігі ұялы байланыссыз қалды.
«Біз ұялы байланыс операторларына жүгіндік және олар тұрғындарды байланыс және интернетпен қамтамасыз етуге жедел көмектесті» - деді Қ.Ақсақалов.
Теле2 және Билайн компанияларының жедел іс-қимылдарының арқасында Амангелді және Торғай аудан орталықтарында ұялы байланыс іске қосылды.
Сондай-ақ, «Кселл» АҚ байланыс операторы Амангелді ауылында байланыс орнатты, Торғай ауылындағы Кселл/активтен мобильді интернетпен қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда.
Амангелді және Жангелді аудандарында электр энергиясы болмаған кезеңде облыстың оңтүстік өңірінің тұрғындары мен ұйымдарының үздіксіз стационарлық байланысын және интернет желісіне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Қазақтелеком» АҚ техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастырды және электр қуатымен қамтамасыз ету үшін дизель-генераторларды іске қосты.
Мәселен, облыс орталығынан 600 км қашықтықта орналасқан Екідің ауылында телеком-оператордың күшімен стационарлық байланыс берілді. Бұдан басқа байланыс объектілерінде су айдау жүргізіледі.
Сондай-ақ, байланыс объектілерін су басуына жол бермеу мақсатында телеком-оператор қосымша күштер мен құралдарды табиғи апат аймағына жіберді.