
Наурыз мерекесінің онкүндігі аясында Қостанайда отбасылық спорт күні атап өтілді. Спорт отбасылар мен белсенді өмір салтын сүйетіндерді біріктіріп қана қоймай, спортшыларымыздың жоғары жетістіктерінің арқасында Қазақстанды бүкіл әлемге дәріптейді.
Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов атап өткендей, біздің облыста бұқаралық спортты дамыту үшін жаңа спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде. Жоспарланған 10 спор кешенінің 3 өткен жылы аяқталды, қалғандары ағымдағы жылы тапсырылады. Спортты дамытуға 2024 жылы барлығы 21,9 миллиард теңге бөлінді. Стадиондарды,спор кешендері мен жабық хоккей корттарын қамтитын спорт кластерлерін құру жоспарлануда.
"Біздің міндетіміз – олимпиадалық спорт түрлерін дамыту. Осы мақсатта 2025 жылы облыстық қысқы спорт түрлерінің спартакиадасы өткізіледі. Бұл ресми халықаралық жарыстардың болашақ қатысушылары мен жүлдегерлері үшін бастама болады деп сенемін", - деп атап өтті облыс басшысы.
Ақмола облысы "шаңғы жарысы" челленджін бастап, эстафетаны Қостанай облысына тапсырды. Облыс әкімі өз кезегінде эстафетаны әрі қарай – Солтүстік Қазақстан облысына жолдады.