
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен бизнес, БАҚ, азаматтық қоғам және жергілікті атқарушы билік өкілдерінің қатысуымен Қостанай қаласын дамыту жөніндегі кеңес өтті.
Қостанай автомобиль саласының отаны және бүкіл елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу орталығы болуға тиіс.
Жоспарланған жобаларды іске асыру есебінен астықты қайта өңдеу үлесі 45% – дан 57% - ға дейін, сүт 75% - ға дейін, ет 80% - ға дейін өседі.
Іске асырылып жатқан жобалар жаңа жұмыс орындарын құруға және облыс бюджетіне салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Мысалы, тек машина жасау саласында 2025 жылға қарай Қостанай қаласында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Қаланы қаржыландыру жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, ағымдағы жылы Қостанай қаласының бюджеті оның аумағында іске асырылып жатқан барлық жобаларды ескере отырып, 144,0 млрд.теңгені құрады, бұл бекіту кезінде өткен жылғы бюджеттен 16% - ға артық. Облыстың жалпы бюджетінің 24% - ға жуығы облыс орталығын дамытуға бағытталады.
"Біздің міндетіміз — қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау. Ол үшін келесі жобалар іске асырылады: жұмыс орындарын құру. Мысалы, 2025 жылға қарай Машина жасау саласында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Қалада мұндай мысалдар көп болуы тиіс; Орындалатын жұмыстардың сапасына ерекше назар аудара отырып, қалаішілік үйлер мен объектілердің құрылысын реттеу; көшелер мен алаңдарды жарықтандыруды қолға алу, жолдар салу; спорттық және демалыс объектілерін жабдықтау қолға алынуы тиіс," - деп атап өтті облыс басшысы.
Осы және басқа да іс-шаралар облыс орталығының одан әрі дамуына жаңа серпін беруі тиіс.