Облыс әкімі АГТС жұмысымен танысты

Облыс әкімі АГТС жұмысымен танысты

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қостанай ауданына барды. Сапар аясында облыс басшысы автоматтандырылған газ тарату станциясының жұмысымен танысты.
Құны – 3,3 млрд теңгеге бағаланған, қуаттылығы сағатына 150 000 м3 құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясы инженерлік коммуникацияларды дамыту бағдарламасы шеңберінде салынып, пайдалануға берілді.
Магистральдық газ құбырының өткізу қабілеттілігінің арқасында-тәулігіне 3,6 млн. м3 көгілдір отын таратылады. Аталған нысан "Астана" және "Бәйтерек" жаңа шағын аудандарын тұрақты және үздіксіз газбен қамтамасыз етуге қауқарлы.
Жаңа шағын аудандардың аумағы 176 гектар жерді құрайды, онда 154 көп қабатты тұрғын үй салу жоспарланған.
Жаңа шағын аудандар 60 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз етеді, бұл шамамен 1 млн.шаршы метр тұрғын үй. Бірінші кезеңде жалпы ауданы 300 мың шаршы метр болатын 49 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарлануда.