Қостанай облысында 1 маусымнан бастап шектеу шараларын жеңілдетудің 5-кезеңі басталады.

Қостанай облысында 1 маусымнан бастап шектеу шараларын жеңілдетудің 5-кезеңі басталады.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысында Қостанай облысында шектеу шараларын жұмсартудың 5-ші кезеңін енгізу туралы шешім қабылданды.

Қалыптасқан эпиджағдайды ескере отырып, 5-кезең аясында а. ж. 1 маусымынан бастап (Жітіқара қаласын қоспағанда) санитарлық-эпидемиологиялық режимді күшейте отырып, карантин режимінің келесі босаңсуы енгізіледі:

  1. Тұрғындардың тұрғылықты жерінен еркін шығуы;
  2. Вокзалдар, автостанциялар жұмысы (1.06.2020 ж. бастап ҚР бойынша т/ж хабарламасы басталды);
  3. Елді мекендер арасындағы жүріп-тұру;
  4. Жеке, қызметтік, қоғамдық автокөлікті және таксиді шектеусіз пайдалану;
  5. Әлеуметтік қашықтықты, желдету режимін және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, объект алаңының 1/3 бөлігін бір мезгілде пайдалана отырып, діни объектілердің жұмысы;
  6. Келушілер саны 50 адамнан аспайтын, 7.00-ден 23.00-ге дейін, үстелдерді бір-бірінен 2 метрден жақын емес орналастыра отырып, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі, жазғы террастар, 30 адамнан артық емес, столдарды бір-бірінен 2 метрден жақын емес орналастыра отырып, банкеттер, үйлену тойларын, мерейтойлар мен басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ мектеп бітіру кештеріне байланысты іс-шараларды өткізбестен;
  7. Бөлшек сауда объектілерінің, базарлардың карантинге дейін белгіленген режимде жұмыс істеуі;
  8. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, білім беру орталықтарының, әртүрлі сала мамандарын даярлау және қайта даярлау курстарының, семинарлық сабақтардың, ересектерге арналған үйірмелердің қызметі;
  9. Спорт мектептері мен спорт клубтарында оқу-жаттығу процесін жаңарту;
  10. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының бұрынғы режимінде;
  11. Қалалық қоғамдық көліктің жұмысын 23.00 сағатқа дейін ұзартылсын, Рудный қаласын қоспағанда, онда карантин енгізілгенге дейін белгіленген кестеге сәйкес қозғалыс жүзеге асырылатын.

Сонымен қатар, қызметі тоқтатылған күйінде қалады:

- Адамдар көп жиналатын ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша;

- Отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және басқа да іс-шаралар, кейтерингтік қызметтер және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету;

- Кинотеатрлар, көрермендерді тамашалауға арналған театрлар, барлық түрдегі ойын алаңдары (аулалардан басқа);

- Түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, компьютерлік және ойын клубтары, кальян, бильярд, боулинг орталықтары, караоке;

- Демалыс базаларының, санаторийлердің, профилакторийлердің жұмысы;

- Аквапарктер, бассейндер, тату-салондар;

- Бір мезгілде 20-дан астам келушілер саны бар монша мен сауналар;

- Көрмелер жұмысы.

Сондай-ақ, облыстық интернаттық ұйымдардың қала сыртындағы 3 лагерін қоспағанда, қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы тоқтатылды.

Облыс әкімі  Архимед Мұхамбетов шектеу шараларын одан әрі жеңілдету туралы шешім ағымдағы жылдың 8 маусымынан ерте емес, ал қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы туралы шешім 15 маусымнан кейін қабылданатынын атап өтті.

Бүгінгі күні жағдай бойынша 182 COVID-19 жағдайы тіркелді, 84 адам сауығып шықты.

 

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі