Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 10 айдағы Денисов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 10 айдағы Денисов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

2018 жылдың 15 қараша күні Қостанай облысының Өңірлік коммуникация қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 10 айдағы Денисов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» туралы пресс-конференция өтті.

Денисов ауданының әкімі - Нұрғалиев Бахыт Мирасұлы және «Колос»-фирма ЖШС директоры - Корнеева Инна Робертовна келіп, БАҚ-мен ақпаратпен бөлісті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыру аясында ауданда шаруашылық субъектілерінің қаражаты есебінен 15 миллион теңгеден астам сомаға ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар жүзеге асырылды. Олар: аудан ауылдарын абаттандыру, мәдениет үйлерін ағымдағы жөндеу және ұстау, спортты дамытуға көмек көрсету, аудан мектептері мен жолдарын ағымдағы жөндеу, ІТ-сыныптарын орнату.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 110 бас жоспарланды, «Сатвалдинов» ШҚ 100 бас асыл тұқымды ІҚМ сатып алуға өтінім берді; жоспардағы90 бас ҰҚМ орнына «Тұрғанов» ШҚ 180 бас сатып алды.

«Жайылымдарды суландыру» бағдарламасы бойынша 1 ұңғыма салу жоспарланды, бүгінгі күні «Крымское» ЖШС 3 ұңғыма салды.

Орталық сумен қамтамасыз ету 16 ауылды немесе 44% құрайды. Денисовка және Некрасовка ауылдарын сумен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, оған 2 миллиард 643 миллионтеңге, оның ішінде 2018 жылға 1 миллиард 26 миллион теңге бөлінді. «Денисов ауданы Антоновка, Алшан ауылдарын сумен жабдықтауды қайта құру» жобасын іске асыру басталды, оған 357 миллион теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.