«Эпиджағдай нашарлаған жағдайда қатаң карантинге оралуымыз мүмкін», - деді Архимед Мұхамбетов

«Эпиджағдай нашарлаған жағдайда қатаң карантинге оралуымыз мүмкін», - деді Архимед Мұхамбетов

27 мамырда Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов брифинг өткізді.

Брифинг барысында облыс әкімі короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және облыста карантиндік шараларды сақтау бойынша ағымдағы жағдай туралы хабарлады.

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінен бастап Қостанай облысында шектеу шараларын жұмсартудың 4 кезеңі енгізілді.

Мәселен, бірқатар кәсіпорындар, қаржы секторын ұйымдастыру, шаштараз, азық-түлік емес дүкендер, базарлар және т. б. өз жұмысын қайта бастады.

4-ші кезең аясында ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау шартымен карантиндік шараларды одан әрі әлсірету бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Алайда, Архимед Мұхамбетов атап өткендей, облыстың көптеген тұрғындары енгізілген босаңсуды карантин режимін алып тастау ретінде қабылдады.

«Азаматтар тарапынан да, кәсіпкерлік субъектілері тарапынан да шектеу шараларының көптеген бұзушылықтары байқалады.Мұндай ұстанымға жол берілмейді, өйткені адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп әлі де сақталады. Коронавирус індет жойылған жоқ. Пандемия әлі де  азаматтардың денсаулығына қауіп төндіреді», - облыс әкімі атап өтті.

Қостанай облысында карантин режимін сақтауды әкімдіктер, жергілікті полиция қызметі, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлері құрамында 40 арнайы мониторингтік топ тексереді.

«14 мыңнан астам тексеру жүргізілді. Сонымен қатар, 267 карантиндік режимді бұзушылық анықталды, ішкі істер органдары кінәлілерге 274 айыппұл салды», - Архимед Мұхамбетов хабарлады.

Өз баяндамасының соңында облыс әкімі облыс тұрғындарын жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға барынша мән беріп отыруды шақырды.

«Ең алдымен, бұл қолды жуу, қоғамдық орындарда бетперде тағу, үлкен компанияларда қарым - қатынасты және отбасылық мерекелерді өткізуді шектеу», - деді Архимед Мұхамбетов.

«Облыс тұрғындарының, сондай-ақ барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларының назарын карантиндік шараларды сақтау мониторингін жалғастыратынымызға аударғым келеді. Шектеулерді одан әрі жеңілдету туралы шешім эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қана емес, ең алдымен карантин режимін бұлжытпай сақтаған жағдайда қабылданады. Эпиджағдай нашарлаған жағдайда қатаң карантинге оралуымыз мүмкін», - деп қорытындылады аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Қостанай облысында COVID-19 ауруының  131 жағдайы тіркелген, 60 адам сауығып кеткен.