Облыс әкімі Қарасу ауданының тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Қарасу ауданының тұрғындарымен кездесті

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қарасу ауданының тұрғындарымен кездесті.
Есепті кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Ауданның экономикалық дамуының қозғаушы күштерінің бірі-ауыл шаруашылығы. Қарасу ауданында ауыл шаруашылығы қызметін 496 кәсіпорын, оның ішінде 42 ЖШС және 454 шаруа қожалығы жүзеге асырады.
Жылдың 8 айында 21,1 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласы бойынша – 11,7 млрд. теңге, мал шаруашылығы саласы бойынша – 9,4 млрд. теңге. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 103,2% жеткен.
Ауыл шаруашылығы саласына 5,1 млрд теңге инвестиция тартылды, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға 4,7 млрд теңге салынды.
Көктемде Қарасу ауданының тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Қ. Ақсақалов жергілікті АШТӨ-мен ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау және ауданның экономикалық дамуына жаңа серпін беру мәселелерін талқылаған еді.
Осы кездесуде облыс әкімі Комсомольское ауылын абаттандыру, барлық қоқыстарды шығару, бұрынғы дүкен ғимаратын демалыс орталығына қайта жаңартып, мешіт, балалар мен оқушыларға арналған спорт алаңын салған "Бидай К" ЖШС-нің өнімді жұмысын атап өтті. Аталған кәсіпорын алдағы жылы өз жұмысшыларына үй салып, субұрқақ пен воркаут алаңын орнатуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, 400 басқа арналған сүт-тауар фермаларын салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ ниетте.
"Өзге АШТӨ "Бидай К" ЖШС-нен үлгі алуы керек. Өз кезегінде мемлекет жүйелі мәселелерді - жолдарды, жарықтандыруды, сумен жабдықтауды және т.б. шешуді қамтамасыз етеді", - деп қорытындылады Қ. Ақсақалов.