Архимед Мұхамбетов ардагерлерді Жеңіс Күнімен құттықтады

Архимед Мұхамбетов ардагерлерді Жеңіс Күнімен құттықтады

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Михаил Подоляков пен Қасымхан Алдабергенді құттықтады.


Өңір басшысы соғыс ардагерлеріне Президент атынан құттықтау хаттары мен азық-түлік себеттерің тапсырды.
Облыс әкімі ардагерлерге зор денсаулық, амандық және ұзақ өмір тіледі.


«Майдангерлер туралы естелік ретінде көптеген іс-шаралар өткізудеміз. Сіздердің еңбектеріңіз салмақты, ұлы. Сондықтан, қазіргі және болашақ ұрпақ сіздер мен майдандастарыңыз туралы білуі тиіс. Сіздер көрсеткен ерлікті ешкім ешқашан ұмытпауы керек», - деді Архимед Мұхамбетов.