
Бүгін облыс әкімдігінің отырысында әкімнің төрағалығымен
Қостанай облысы Қ.
Ақсақалов ІТ-технологиясын дамыту мәселелері қаралды.
Өңір әлеуетін арттыруда ІТ-технологияның алар орыны ерекше. Облыста заманауи технологияларды қолдану арқылы өнімділігін арттырып отырған кәсіпорындар жеткілікті. Біздің мақсатымыз солардың тәжірибесін кеңінен тарату. Бұл үшін бізге білікті мамандар қажет.
Облыстың жоғары оқу орындарын шетелдік университеттермен бірлескен IT-факультеттер немесе жасанды интеллект бойынша ғылыми-білім беру алаңдарын ашуы керек. Сондай-ақ, жеткіншектер арасында айтулы мамандықты кеңінен насихаттау қажет. Ақпараттандыру басқармасына білім басқармасымен бірлесіп оқушылар мен студенттер арасында облыстық ІТ-фестивалін өткізу жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Бұл фестиваль жыл сайын өткізілуі тиіс.