Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының медициналық-әлеуметтік мекемелері челлендж бастады

Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының медициналық-әлеуметтік мекемелері челлендж бастады

Ағымдағы жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75- жылдығын мерекелеу коронавирус пандемиясына байланысты карантин жағдайында өтуде.

Осыған қарамастан, Қостанай облысының медициналық-әлеуметтік мекемелері Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында әлеуметтік желілерде челлендж бастады.

МӘМ қызметкерлері өз қамқорлығындағыларымен бірге өзін-өзі оқшаулауда бола отырып, соғыс ардагерлері мен қатысушыларын, сондай-ақ бүкіл Қазақстан халқын Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, әлеуметтік желілерде өз роликтерін жариялап, өлеңдер айтып, әндер шырқап, аға ұрпаққа сыйлаған Жеңіс үшін алғыстарын білдіреді.

Instagram : ukzsp_kst (https://www.instagram.com/ukzsp_kst/)

Facebook: Управление координации занятости и социальных программ акимата Кост.области (https://www.facebook.com/zansoc)