Кәсіпкерлермен кездесті

Кәсіпкерлермен кездесті

Шағын және орта бизнесті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын құрып, бюджет кірісін ұлғайту, облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру – басым бағыттардың бірі.
Осы бағытта, небәрі 41% жүктемемен жұмыс істеп жатқан тұрғын үй құрылысы комбинатына қолдау көрсетуіміз керек.
Кәсіпкерлермен кездескен облыс әкімі Құмар Ақсақалов: «Біздің алдымызда Әуежай шағын ауданындағыдай панельдік тұрғын үй құрылысын көбейту міндеті тұр. Біз осылайша, жергілікті өндірушіні қолдауға дайынбыз. Аталған комбинат өнімі облысымыздың, Қостанай қаласының құрылыс нарығын толықтай қамтуға қауқарлы» - деп атап өтті.
Құмар Ақсақалов құрылыс жұмыстарына жергілікті құрылыс өнімдерін барынша пайдалану мақсатында Құрылыс басқармасына кәсіпорынға көмек көрсетуді тапсырды. Бұдан басқа, "ЕуразКаспианСталь" ЖШС зауытын "Батыс" қосалқы станциясына қосу мәселесі қаралуда, бұл ТМД елдеріне өндіріс пен экспорт көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.