
Жолдарды салуға, реконструкциялауға және жөндеуге Науырзым ауданының елді мекендерінің жолдары мен көшелерін жөндеуге ағымдағы жылы 378,7 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылдан 1,4 есе көп.
Ағымдағы жылы Науырзым ауданының білім беру саласының бюджетіне 102,4 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде 76,1 млн. теңге білім беру объектілерін жөндеуге, 26,3 млн. теңге – МТБ нығайтуға бағытталды.
Ауданның денсаулық сақтау саласының бюджеті 384,2 млн. теңгені құрады.
Науырзым ауданының мәдениет және спорт саласын дамытуға 875,9 млн. теңге бағытталды. Оның ішінде 400,0 млн. теңге Қараменді ауылындағы "Арман" мәдени-демалыс орталығының ғимаратын қайта жаңартуға, 398,7 млн. теңге – Қараменді ауылындағы спорт кешенінің құрылысын бастауға бағытталды.
Науырзым ауданының жұмыспен қамтылған азаматтарының 61,1%-ы қызмет көрсету саласында, сондай-ақ ауыл шаруашылығында 35,3%-ы байқалады.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылғы 1 мамырға "Бастау Бизнес" жобасы бойынша 679 адам, оның ішінде Науырзым ауданы бойынша – 5 адам оқуды аяқтады.