Облыс әкімі Қ. Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында «Жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы туралы» және «Өңдеу өнеркәсібін дамыту туралы» мәселелер қаралды.

Облыс әкімі Қ. Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында «Жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы туралы» және «Өңдеу өнеркәсібін дамыту туралы» мәселелер қаралды.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру-қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда Қостанай облысы жастарының саны халық санының 29%-ды құрайды.
Облыс бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,8% республикалық көрсеткішпен 2,9% құрайды. 2023 жылдың басынан бастап Қостанай облысында 1300-ге жуық жастарға жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетілді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 211 маманға бюджеттік кредиттер беру жоспарланған. Сондай-ақ 435 маманға көтерме жәрдемақы беру жоспарланған.
2022 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан Денсаулық сақтау саласының жас мамандары үшін 122 бірлік жалдамалы тұрғын үй бөлінді. Сонымен қатар, 2022 жылы Мемлекеттік бағдарламалар аясында 111 жастар тұрғын үй алды.
Өткен жылы Қостанай облысының әкімдігі «Жас Шаңырақ» өңірлік бағдарламасын әзірледі. 2023 жылы Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандары бойынша бағдарламаның географиясы кеңейтілуде.
Жастардың тұрғын үй проблемаларын шешу үшін облыс орталығында 206 орындық Студенттер үйі ашылды, биыл жатақхананы Қостанай Өңірлік университетімен 324 орындық аяқтау жоспарлануда.

Өңдеу өнеркәсібі облыс өнеркәсібінің жалпы құрылымында 64,2% –ды құрайды, машина жасау саласы – 49,2%, тамақ өнімдері-26,0% және металлургия-18,2% алады.
Соңғы бес жылда өңдеу секторы саласындағы кәсіпорындар саны 599-дан 706 бірлікке дейін ұлғайды, ал осы кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар саны 20,1% - ға артып, шамамен 13 мың адамды құрады. Ағымдағы жылы өңдеуші салада оң динамика байқалады.
Инвестициялық жобаларды іске асыру өңірдің өнеркәсібіне тікелей әсер етеді, әкімдік өндірісті ұлғайтуға және өнімнің жаңа түрлерін шығаруға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іздеу бойынша жұмысты жалғастыратын болады.