
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Владимир Нечитайло төтенше жағдайлар кезіндегі шаралар және уақытша шектеулер туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтіледі. Ірі сауда объектілерінің, сауна, қоғамдық моншалардың жұмыс істеуіне шектеу қойылады. Ал сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі уақытша тоқтатылады. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр, діни іс-шараларын өткізуге тыйым салынады. 31 наурызда сағат 22.00-ден бастап 10 өткізу бекетін қоя отырып, Қостанай облысының аумағына кіруге (шығуға) шектеу енгізіледі. Владимир Нечитайло, облыстан Ресей Федерациясына шығуға уақытша тыйым салынды. Шектеулер төтенше жағдай кезеңінің соңына дейін, яғни 15 сәуірге дейін ұзартылады.