
2023 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына: Сокол ауылының, Миролюбовка ауылының кіреберіс жолына 425,7 млн. теңге сомасына орташа жөндеу жүргізіледі, сондай-ақ 2024 жылға ауысатын Ұзынкөл- Амречье жолына 246,9 млн. теңге сомасына жөндеу жүргізіледі.
Сондай-ақ, жалпы сомасы 267 млн. теңгеге кентішілік көшелерді жөндеу жоспарланып отыр.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолын жарықтандыру желілерін ағымдағы ұстауға 47,2 млн. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 184,6 млн. теңге бөлінді.
Пресногорьковка ауылын сумен жабдықтау, сондай-ақ Ершов ауылындағы су құбыры мен тарату желілерінің құрылысын аяқтауға 544,8 млн. теңге бөлінді.
Троебрат ауылында 37,6 млн. теңге сомасына су құбыры тарату желілерін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленетін болады.
Ұзынкөл ауылында жылу трассасымен №3 блокты-модульді қазандық құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 15 млн. теңге бағытталды.
Орталық кітапхана ғимаратын жалпы сомасы 58 млн. теңгеге жөндеу жоспарланып отыр.
Миролюбовка ауылындағы медициналық пункт ғимаратына 17 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеу жүзеге асырылатын болады.