Бүгін Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақалов әкімдіктің кеңейтілген жиынында облыстың 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады.

Бүгін Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақалов әкімдіктің кеңейтілген жиынында облыстың 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады.

Көп нәрсе жасалғанымен, кейбір бағыттар бойынша әлі де өсімге қол жеткізуге мүмкіндік бар. Биыл барлық кемшіліктерді ескере отырып, төмендегі міндеттерге баса назар аудару қажет деді аймақ басшысы. Атап айтқанда:
- 600 млрд теңгеге инвестициялар тарту және өнеркәсіп жобаларын іске асыру;
-Тауарлық-сүт фермаларын салу, егіс алқаптарын әртараптандыру және мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар жүргізу қажет;
- Халықты сапалы ауыз сумен және автомобиль жолдарымен қамтамасыз ету;
- Жеңіл автомобильдер шығарылымын 30 % арттыруды қамтамасыз ету қажет;
- Ең осал желілерді анықтап, оларды жөндеу бойынша іс-шараларды жоспарлау қажет. Қаражат облыстық мәслихаттың таяудағы сессиясында қарастырылатын болады.