Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов әкімдік ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов әкімдік ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Негізінен мәселелер әлеуметтік салаға, білімге, кәсіпкерлікке қатысты болды.
Басым бөлігі ТКШ және құрылыс мәселелеріне қатысты.
Мысалы, Маяковский көшесі, 116 және 116 а көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары 2014 жылы тұрғын үй салу кезінде елеулі кемшіліктер онын алғанын жеткізді.
Көпбалалы ана саяжай қауымдастығын электрмен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.
Қабылдау барысында барлық сұрақтарға жауап берілді.
- Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары назардан тыс қалмайды. Барлық көтерілген мәселелер заң шеңберінде өз шешімін табады, - деді Құмар Ақсақалов. - Алдағы уақытта құқық қорғау органдарының, өңірлер әкімдерінің және облыстық басқарма басшыларының қатысуымен үлкен ғимаратта жүйелі түрде бірыңғай қабылдау өткізуді жоспарлап отырмын.