Облыс әкімі Қ.Ақсақалов Өңірлерді дамыту бойынша аудан әкімдерінің жоспарларын тыңдады.

Облыс әкімі Қ.Ақсақалов Өңірлерді дамыту бойынша аудан әкімдерінің жоспарларын тыңдады.

Жүзеге асырылып жатқан және де ұсынылып отырған жобалардың барлығының да сапасы ерекше назарда. Олардың барлығы да біздің өңірдің қажеттілігімен ұштасуы тиіс. Әспеттеп жасалған кейбір жобалардың түкке тұрғысыздығы кейбір әкімдердің нақты бағыттары мен мақсаттарының жоқтығын көрсетті.
Ұсынылған бағдарлама – ел үдесінен шығуы керек. Ұтымды тәсілмен жүзеге асырылатын жоба, сайып келгенде, жерлестеріміздің өмір сүру сапасын жақсартуға себеп.
Мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығын дамыту, тұрғын үйлер мен жол салу және ауылдарды сумен жабдықтау жобалары назардан тыс қалмауы керек.
Алдағы аптада қалған 4 қала әкімдерінің жобаларын талқылайтын боламыз. Сонымен қатар, дүйсенбіде өнеркәсіпті дамыту бойынша жиын өтеді.
Жобалардың өзектілігі жергілікті атқарушы органдардың іскерлігін айқындайтын бірден-бір көрсеткіш екенін айта кеткен жөн.