Облыс басшысы Жангелдин және Амангелді аудандарында болды

Облыс басшысы Жангелдин және Амангелді аудандарында болды

Жангелдин ауданында облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәдениет нысандарын аралады.
Жангелдин ауданының жұртшылығымен кездесуде Құмар Ақсақалов бірқатар проблемалық мәселелерді айтты.
Шеген және Сужарған ауылдарында сумен жабдықтау жүйесін салуға және реконструкциялауға қаражат бөлінетін болады.
2023 жылға "Балдырған"балабақшасына және 3 денсаулық сақтау нысанына ағымдағы жөндеу жүргізу сияқты бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланған.
"Екі күн бойы Қостанай облысының оңтүстік өңірін араладым. Сапар барысында Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелдин аудандары бүкіл Қостанай облысы үшін рухани маңызға ие екендігіне тағы да көз жеткіздім. Ұлттық кодты сақтау және оның ұрпақтар үшін сабақтастығын қамтамасыз ету маңызды," - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
Әлеуметтік-экономикалық даму туралы айта келе, ол мәдени, білім беру нысандарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілгенін, ұялы байланыспен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Жұмыс қарқынын бәсеңсітпейді. Қазіргі уақытта Қостанай облысының оңтүстік өңірін әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасы әзірленді.