
Қостанайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен жаңа жылдық шырша өтті.
Мерекеге 7 жастан 12 жасқа дейінгі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, облыстың барлық өңірлерінен келген дарынды жеткіншектер қатысты.
Облыс әкімі оқушыларды ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың атынан құттықтап, қатысушыларға планшеттер, тәтті сыйлықтар және Х. К. Андерсеннің ертегілері табысталады. Балалар үшін мерекелік қойылым, интерактивті ойындар ұйымдастырылады.