
Республика күнін мерекелеу құрметіне азаматтарды мемлекеттік наградалармен, медальдармен, ордендермен және грамоталармен марапаттадым.
2022 жылғы 16 маусымда Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күнінің мәртебесін қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды.
Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды.
Мерекелік күнтізбеде Республика күнін жаңғырту-бұл қазіргі ұрпақтың өз бастаулары мен сабақтастығын мойындауының, тарихи еңбегі мен халқымыздың мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы ерік-жігерін құрметтеуінің символы.