
Кездесуде тұрғындар жолдарды жөндеу, балалар ойын алаңын орнату және т. б. мәселелерін көтерді.
Бүгінгі таңда Қостанай ауданын дамыту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.
Ауданда Жол инфрақұрылымы жоспарлы жүргізілуде, биыл «Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында орташа жөндеу жүргізу мақсатында 315,8 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар кірме жолдарды орташа жөндеуге 108,0 млн.теңге бөлінді.
Аудан экономикасындағы негізгі сала ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 324,1 мың га, оның ішінде дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар-251,1 мың га егілді.
Егіс компаниясын өткізудің оңтайлы мерзімдерінің және егінді күту бойынша агротехникалық іс-шаралар кешенінің арқасында ауданның астық өсірушілерімен егін жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша орташа өнімділігі 15,0 ц/га болатын 380 мың тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бастырылды.
Сондай-ақ, 7,4 млрд.теңге сомасына 8 сумен жабдықтау жобасы іске асырылып жатқанын атап өткен жөн.
Елді мекенді газбен жабдықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы Озерное және Шеминовка ауылдарына 418 млн. теңгеге жоғары қысымды газ құбырын және Озерное ауылында жалпы сомасы 363 млн. теңгеге газ тарату желілерін салу жұмыстары жүргізілді.
Тобыл қаласындағы «Астана» және «Бәйтерек» жаңа шағын аудандарына 3,6 млрд.теңгеден астам сомаға инженерлік коммуникациялық жұмыс жүргізілуде. Жыл соңына дейін «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарын газбен жабдықтау және жаңа АГРС салу жобасын пайдалануға беру жоспарлануда.
Қостанай ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Сондай-ақ, сайлау инфрақұрылымының алдағы президенттік сайлауға дайындығымен танысты.