Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қостанайлықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қостанайлықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Құрметті қостанайлықтар!

Біз сіздермен егеменді Қазақстанның тарихына маңызды оқиға: Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында кірген тағы бір жылды шығарып саламыз. Экономикалық және әлеуметтік салаларда осы мерейтойға байланысты өткізілген іс-шаралар Қостанай облысын дамытудың жаңа траекториясына шығарғанына сенімдімін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі біздің басты міндеттеріміз инвестициялар тарту, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті қолдау, инфрақұрылымды жетілдіру, тұрғын үй салу және пайдалануға беру болып қала береді. Қабылданып жатқан шаралар, ұйымшылдық, табысқа деген сенім қостанайлықтарға күн сайын біздің жетістіктеріміздің тірегін жасауға мүмкіндік береді. Барлық тұрғындарға қолдауы, жасампаз еңбегі және туған өлкеге деген сүйіспеншілігі үшін алғысымды білдіремін. Келесі жыл Жастар жылы деп жарияланды. Бұл біздің болашағымыз, біз оған қамқорлық жасап, барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етуіміз керек. Жыл сайын біз заманауи мектептер мен спорт кешендерін ашамыз. Ал келесі жылы қостанайлықтар жастар үйін сыйлыққа алады. Бұл жаңа шығармашылық, зияткерлік, спорттық жеңістерге және облыс пен еліміздің даңқына игі істерге серпін береді! Құрметті жерлестер! Сіздерді келе жатқан 2019 жылмен құттықтаймын. Ол сіздің отбасыңызға молшылық пен амандық әкелсін, жүрегіңізді қуанышқа, ал үйіңізді жайлылық пен жарыққа толтырсын! 

 

Қостанай облысының әкімі                                                                                                                                                                                                                           А. Мұхамбетов