Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары аясында Қостанай қаласының нысандарын аралады

Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары аясында Қостанай қаласының нысандарын аралады

Аралау барысында облыс әкімі "Баян-Сұлу" АҚ өндірістік алаңында болды. Кондитерлік фабриканың өндірістік қуаты жылына 84,5 мың тоннаны құрайды. Осы жылдың 7 айында өндірілген өнім көлемі 23,0 мың тонна.
Басқарма Төрағасы Тимур Садықовтың айтуынша, биыл 45,0 мың тоннадан астам өнім шығару жоспарланған.
- Біздің өнімнің 40 пайызы Ресей, Германия, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Грузия, Украина, Түрікменстан, Әзірбайжан, Қытай сияқты елдерге экспортталады. Бүгінгі таңда фабрикада 1 378 адам жұмыс істейді,-деп толықтырды Тимур Садықов.
Содан кейін аймақ басшысы "Береке" шағын ауданындағы үйлердің құрылыс барысын тексерді. Бұл ауданда барлығы 406,7 мың ш.м. тұрғын үй немесе 6 571 пәтер салу көзделген. Бүгінгі күні жалпы ауданы 148,8 мың шаршы метр 13 тұрғын үй немесе 1 700 пәтер салынды.
Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының әкімі мен облыстық басқарма басшыларына кәсіпорынның одан әрі дамуын бақылауға алып, салынып жатқан үйлердің сапасын бақылауды тапсырды.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі