Бюрократия – Сыбайлас жемқорлықты туындатады

Бюрократия – Сыбайлас жемқорлықты туындатады

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсанында «Қостанай – Адалдық алаңы» жобалық офисінің алаңында облыс әкімі аппаратының қызметшілері дөңгелек үстел форматында мемлекеттік қызмет ардагерлермен, Қостанай облысының құрметті азаматтарымен кездесті.

Күн тәртібінде: «Жаңа Қазақстан және мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту». Спикерлер: В.Г. Вишниченко - Парламент Мәжілісінің  экс-депутаты,  Р.Ғ.Гайсенова - мәдениет ардагері, Жас  қызметшілердің тәлімгерлер клубының мүшесі, В.Б. Якимов - денсаулық сақтау саласының ардагері, Б.Н.Рахметова - мемлекеттік қызмет ардагері, А.П.Карплюк - мемлекеттік қызмет ардагері, Қ.Х. Жақып Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері.

Модератор - әдеп жөніндегі уәкіл, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» № 4 Үлгілік базалық бағытының менеджері Қ.Сүйіндіков қатысушыларды Ашық және Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаттарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласы мен мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік саясаттын басым бағыттарымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясымен таныстырды.

Мемлекет Басшысының мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту, жергілікті басқаруды орталықсыздандыру және конституциялық реформалар жөніндегі бастамалары талқыланды. Барлық спикерлер өз сөздерінде патриотизмді қалыптастыру тақырыбына ерекше назар аударды.

Спикерлер қызмет көрсету сапасын арттыруға, қазіргі заманғы коммуникация құралдарын қолдануға, кәсібилікке, белсенділікке, тиімді шешімдерді қолдануға, мемлекеттік органдардың арасында ақпараттық байланыстарды орнатуға, әкімшілік басқаруға жол бермеуге («халыққа үстемдік жасамау керек») және қызметшілердің мінез - құлық моделін өзгерту қажеттілігіне («өзінді сындыру керек») назар аударды.

Пікірлесу барысында ҚР Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында және  Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі «Ең алдымен адамдар» - «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру» тұжырымдамасында  қарастырылған қағидаттар қолдау тапты.

Персоналды басқару қызметінің басшысы Э. Н. Попова мен  мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы А.А. Аманжулова мемлекеттік қызметтегі жағдай, құжат айналымын, әділет  органдарында НҚА мемлекеттік тіркеу мерзімдерін қысқарту және басқа да оң өзгерістер туралы қонақтарды хабардар етті.