
Облыс әкімінің өкімімен Зәуре Әнуарбекқызы Байменова Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
З.Ә. Байменова Қостанай облысы Науырзым ауданының Докучаевка а. 1972 жылы 14 мамырда дүниеге келген.
Ы.Алтынсарин ат. Арқалық педагогикалық институты мен Қостанай Бизнес және басқару институтын бітірген.
Әр жылдары қазақ және орыс тілдерінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2002 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
Қостанай облысы білім департаментінің бас маманы, Қарасу ауданы білім бөлімінің бас маманы, бастығы, Облыстың білім басқармасының мектепке дейінгі, қосымша білім беруді дамыту бөлімінің бастығы, Лисаков қ. білім бөлімінің бастығы, Федоров ауданы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.