
Онда 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және бұқаралық спортты дамыту үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігі мәселелері қаралды.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Берік Таңжарықовтың баяндауынша, "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыруға биыл бюджеттен 22,9 млрд.теңге бөлінді. 2022 жылы облыс бойынша барлығы 450,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу және пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталыған. Есепті кезеңде 139,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бұдан әрі бұқаралық спортты дамыту үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігі туралы мәселе қаралды.
Қазіргі уақытта облыстың спорт ғимараттары желісінде 34 стадион, 3 спорт сарайы, 53 спорт кешені, 2 спорт манежі, 21 жүзу бассейні, 1008 спорт алаңы және 86 хоккей корты бар. Облыста орналасқан спорт залдарының жалпы саны 638 бірлікті құрайды. 2019 жылдан бастап 9 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілген.
Сондай-ақ, кеңес барысында Қостанай облысының "Тың-2022" мерейтойлық XXXV спартакиадасын өткізуге дайындық талқыланды. Биыл спартакиада 2022 жылғы 21-24 шілде аралығында Қамысты ауданының аумағында өтеді. Облыстың аудандары мен қалаларының 1 700-ге жуық спортшы келеді деп жоспрланып отыр.
Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына жоспарланған көп қабатты тұрғын үйлерді уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз етуді, сондай-ақ спортты дамыту жөніндегі тапсырманы орындау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі