
9 мамыр қарсаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қасымхан Алдабергеновты, Михаил Подоляковты, Дмитрий Брусникті құттықтады.
Бүгінгі күні Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының 35 ардагері тұрады.
Өңір басшысы атап өткендей, олардың ешқайсысы мемлекеттің қолдауынсыз және қоғамның назарынан тыс қалмайды.
Мерекелік күнге олардың әрқайсысына 1 миллион теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем берілді. Сонымен қатар, биыл соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттарға төлемдер сомасы ұлғайтылды.
Кездесу барысында облыс әкімі ардагерлерге ұзақ өмір және мықты денсаулық тіледі.
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі