Заң алдында бәрі де тең

Заң алдында бәрі де тең

25 сәуір күні «Қостанай - Адалдық алаңы» офисінің алаңында дөнгелек үстел форматында әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Сүйіндіков дін істері жөніндегі басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе отырып, облыс әкімі аппараты, облыстық басқармалар қызметшілерінің діни бірлестіктер мен этно-мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге қатысқандар: Әбдіхахар Садықұлы Ерматов Қазақстанның МДБ Марал ишан атындағы мешітінің наиб-имамы, Клеба Виталий Павлович ОПШ Қостанай және Рудный епархиясының протоиереі, Бектемиров Ринат Вальтаевич  «Дуслык» татар-башқұрт этно-мәдени орталығы» ҚБ басшысы, Чашков Вадим Николаевич «Еврей этно-мәдени орталығы» ҚБ басшысы.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті пен парасаттылықты қалыптастыру мәселері талқыланды. Модератор Қ.Сүйіндіков сыбайлас жемқорлыққа қарсы саласындағы концептуалдық өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмысындағы басымдық бағыттар және парасаттылықты қалыптастыру туралы ақпарат берді. Діни бірлестіктер мен этно-мәдени орталықтарының өкілдері зайырлы заңдарды, діни канондар мен негіздерді, жалпы адами құндылықтар мен моральдық-әдеп нормаларын сақтау туралы өз пікірлерін айтты.Спикерлер Заң алдында бәрі де тең деген бір ойдан шықты. Адам үшін негізгі профилактиклық, өзін өзі басып отыратын фактор ретінде өсиеттерді сақтау, ар-ождан, қоғамдық айыптау және тәрбие болып табылады. Егер де бұл негіздер қаланбаса, ешқандай толық қамтитын, тотальдық бақылау, соның ішінде замануи анду құралдарын қолдау да қөмектеспейді.

Облыс әкімінің кеңесшісі А.М. Әлжанова жылдың қорытындылары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған 13 тұлға туралы ақпарат берді.Облыстық білім беру басқармасының өкілі, спикер А.Е. Ибраева сыбайлас жемқорлыққа қарсы отбасындағы және мектептегі тәрбиенің ажырамастығы туралы пікірін білдіртті.