
Облыс әкімі А. Б. Мұхамбетов жұмыс сапарымен Қарабалық ауданында болып, «Урнек-ЛА» ЖШС астық кешенімен таныстым. Кәсіпорын астықты қабылдау, қайта өндеу, сақтау және кешенді салу бойынша күштілігі жылына 30 мың тонна негізінде қызмет көрсетеді. Бұл жобаның құны 1,5 млрд. теңгені құрады.
Кейін аймақ басшысы Қарабалық орталық аудандық ауруханасына барды. Айта кету керек, биыл ауруханада ОАА жылыту жүйесі ауыстырылды.
Жұмыс сапарының соңында Архимед Мухамбетов «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында азаматтарды жеке қабылдады.
Жергілікті тұрғындар сұрақтарының басым бөлігі ТКШ мәселелеріне қатысты болды. Облыс әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.
Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов аудан басшылығына ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.


