«Жалпы, 2019 жылы ауылдық және қалалық сумен жабдықтау, су бұру объектілерін дамытуға бюджеттен 8,2 млрд. теңге бөлінеді», - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарға есеп беру кездесу барысында хабарланды.
«2019 жылдың аяғына дейін 11 ауылдық сумен жабдықтау объектісін пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл 8 ауылды немесе 34,1 мың адамның сумен жабдықталу жағдайын жақсартуға, алғаш рет 6 елді мекенді немесе 6,7 мың адамды сумен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді, бұл ретте облыс бойынша ауылдардың орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі 31,4%-тен 32,5%-ке дейін (172 ауылдан 178-ге дейін) ұлғаяды», - түсіндірді әкім.