Ашық және Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаларын, кері байланыс механизімін іске асыру және қоғам пікірін зерделеу мақсатында 2021 жылы облыс әкімі сайтында «Оқиғалар» рубрикасында 3374 респонденттің қатысуымен жергілікті атқарушы органда әдеп нормаларын сақтау жөнінде қабылданған шаралар қаншалықты тиімді екеніне онлайн-сауалнама өткізілді.
Сауалнама нәтижелері тек қолайлы жағдайды ғана емес, сонымен бірге қызметшілер арасында профилактикалық жұмысты күшейту қажеттілігін көрсетеді.
Осылайша, 1-сұраққа «Күнделікті жағдайларда Сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын сақтамау фактілерімен қаншалықты жиі кездесесіз» респонденттер жауаптар нұсқасын тандады: «кездескен жоқпын» - 69%, «жиі» - 3,6%, «кейбір кездерде» - 13,8 %, «сирек» - 12,2%, «мемлекеттік сектормен қарым-қатынасым жоқ» - 0,7%.
2-сұраққа «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәдениетін арттыру үшін» жауаптар нұсқасы тандалды: «әдепті бұзған қызметшілерге қатаң жаза қолдану керек» - 30,6 %, «әдепті қызметшілерді барынша ынталадыру қажет» - 67,3 %, «басқасы» жауабының нұсқасында өз пікірін айтты - 3,6% (әдеп қағиадаларын қатаң сақтау, жалақыны көтеру, әділеттілік жеткіліксіз, сөгіс, семинарлар өткізу, әдеп бойынша курстан өту, «әдеп сағатын» енгізу, жиі әңгімелесулер өткізу, әркім әдепті ұстануы керек, мемлекеттік қызметкерлер де адамдар, тренингтер арқылы жеке өсу, кешенді тәсіл, мәдениет пен тәрбие қажет, заң нормаларын сақтау және т. б.)
3-сұраққа «Мемлекеттік органда әдеп нормаларын сақтау жөнінде қабылданған шаралар» жауаптар нұсқасы тандалды:
«тиімді. қызметшілер азаматтар мен әріптестері арасындағы қарым-қатынаста сыпайлық пен әдептілік танытады» - 76,2%, «тиімділігі төмен,қызметшілер азаматтар мен әріптестері арасындағы қарым-қатынаста сыпайлық пен әдептілік нормаларын бұзады» - 9,0%, «жауап беруге қиналамын» - 14,3%, «басқасы» жауабының нұсқасында өз пікірін айтты (ынталандырудың болмауына, мардымсыз жалақыға қарамастан олар барынша сыпайылық пен әдепті сақтайды, мемлекет шенеуніктердің кірістер мен шығыстарды декларациялауы бойынша ештеңе жасамайды, тап болған жоқ және т. б.) –0,4%.
Осы сауалнама 2022 жылы сайттың бірінше парақшасында «Оқиғалар» рубрикасында жаңартылды. Сауалнамаға қатысуға шақырамыз.
Облыс әкімі аппаратының
әдеп жөніндегі уәкілі К.Сүйіндіков