Қостанай облысының әкімдігі «Integrity Shop» жобасына (Адалдық дүкені) қосылды.
Аталған дүкен облыс әкімі ғимаратының 1-қабатындағы асханада орналасқан және мемлекеттік қызметшілері арасында сұранысқа ие болып отыр. Алғашқы келушілері облыс әкімінің қызметкерлері болды.
Дүкеннің бар қағидасы, сатып алушінің есептегішті пайдаланып, өзіне қажетті тауарды таңдап және сомасын есептеп, арнайы жәшікте қалдыруы болып табылады.
Мұндай дүкеннің болуы өнегелілік пен адалдық секілді жағымды моральдық қасиеттерді дамытуға көмектеседі.
Бұдан кейінгі «Адалдық дүкені» тауарлар желісін кеңейту және POS-терминалды орнату жоспарлануда.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі