
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы. «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қ.Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Дереккөзі: https://www.inform.kz/kz/astana-kalasynyn-atauy-nur-sultan-bolyp-ozgerdi_a3510134