
Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күні облыс әкімі Архимед Мұхамбетов "Береке"шағын ауданындағы жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
Үйді “Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша "БК-Строй" ЖШС салды. Бүгінде барлығы 300 отбасы көптен күткен баспанаға ие болды.
Архимед Мұхамбетов тұрғын үй құрылысының көлемі жыл сайын шамамен 13% - ға өсіп келе жатқанын хабарлады. Биыл облыста 449 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.
- Тәуелсіздік жылдары Қостанай облысында шамамен 6,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, 63 мыңнан астам азамат тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Тұрғын үйді пайдалануға берудің орташа жылдық өсімі 19% - ды құрады, - деп атап өтті өз сөзінде Архимед Мұхамбетов.
- Мен көптен күткен баспанаға ие болдым. Бұл мемлекеттің қолдауының және халыққа қолжетімді бағдарламалардың арқасында мүмкін болды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы күні кілттерді алу өте қуанышты жайт, үлкен рахмет,-деді қоныс тойын тойлаушы Жангелді Қасаев.
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі