Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету туралы тапсырмасына сәйкес 2021 жылғы 24 желтоқсанда Қостанай облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әбеновтың «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, қазақстандық қамтудың үлесін арттыру, туризм, индустрияландыру, инновациялар, экспорттық әлеует және инвестиция тарту (жетекшілік ететін салалар бөлігінде), ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары, жетекшілік ететін бағыттары бойынша шекара маңындағы ынтымақтастық, тұтынушылардың, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарлар бөлігінде құқықтарын қорғау жетекшілік жасайды.  

Цифрландыру (жетекшілік ететін бағыттары бойынша) жөніндегі шараларды іске асыруды және тиісті салалардың қызметіне жобалық басқару принциптерін енгізуді қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 8-20 желтоқсанға дейін аралығында жүзеге асырылады.

Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 575-013, 575-084 телефоны бойынша алуға болады.