
Жастар сарайында Қостанай облысы әкімінің қатысуымен Қостанай Меценаттар Клубының сыйлықтарын тапсыру рәсімі өтті.
Меценаттар клубы облыс әкімінің бастамасымен 2000 жылы ұйымдастырылған болатын. Осы жылдар ішінде 477 сыйлық берілді, оған 498 адам және 41 ұжым ие болды. Барлық жылдары берілген сыйақылардың жалпы сомасы 248 млн. 748 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, Қостанай облысының Меценаттар клубы емделуге мұқтаж балаларға, сондай-ақ дәрі-дәрмек сатып алуға, өзге де қайырымдылық түрлеріне демеушілік көмек көрсетеді.
Клуб сыйлықтары жылма-жыл мәдениет, өнер, ғылым, білім және журналистиканы дамытуға жемісті еңбек еткен гуманитарлық сала қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін беріледі.
«Шабыт» сыйлығы дарынды жастарға (үміткерлердің жасы 35-ке дейін), «Қазына» сыйлығы жоғары кәсіби шеберлерге (35 жастан бастап) «Бейнелеу өнері», «Әдебиет», «Театр өнері», «Музыка өнері», «Вокал өнері», «Хореография», «Журналистика», «Ғылым», «Мәдени мұра» (тек «Қазына» сыйлығына), «Ауыл жанашыры», «Білім», «Шығармашылық ұжымның басшысы», «Спорт» номинациялары бойынша беріледі.
2019 жылғы рәсім атаулы болып табылады. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың екі жылдығы аясында өткізіледі және біздің өңіріміздің жұртшылығына өзінің кәсіби қызметінде Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі тұжырымдамалық негіздерін білімнің салтанат құруы, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, Қазақстанның эволюциялық даму жолы, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы, табысты іске асырған түрлі салалардың жарқын өкілдерімен танысуға мүмкіндік береді.
Жастар жылында салтанатты іс-шара облыс жастарының өзін-өзі таныту үшін негіз болатын, демеушілер қаражаты есебінен салынған Жастар сарайының жаңа ғимаратында өтуінің мәні зор.