
Алдымен аймақ басшысы Копыченко ауылындағы "Промбаза 7" ЖШС өсімдік майын өндіру зауытында болды.
Бұл зауыт 2018 жылы пайдалануға берілді, жобаның жалпы құны 1,8 млрд.теңге. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 7000 тонна өсімдік майын құрайды.
Өндіріс толықтай автоматтандырылған, кәсіпорын кәсіпкерлікті қолдау картасына "Ақылды май зауыты" ретінде енген.
Сонымен қатар, облыс әкімі Денисламовтар отбасына барды. Олар - көгілдір отынға қосылған алғашқы тұрғындардың бірі. Олардың айтуынша, бұл өте ыңғайлы және ауыл адамдарын көптеген қиындықтан босатып, өмір сапасын арттырады.
Содан кейін өңір басшысы Пешковка ауылының магистралды су құбырынан Кравцово ауылындағы ауыз су тарату пунктіне барды. Жобаның құны 145 млн. теңге, ұзындығы 10,3 шақырым. Қазір 275 тұрғынды сумен қамтамасыз етеді. Осындай 20 су тарату пункті ауданның әртүрлі ауылдарына орнатылды.
Сондай-ақ, ол Пешков арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Мұнда құны 173,6 млн.теңге болатын жаңа монша-кір жуу кешенінің құрылысымен танысты, сондай-ақ орталыққа азық-түлік сатып алуға сертификат табыс етті.
Сапар соңында Архимед Мұхамбетов бұл бастама облыстың басқа өңірлерінде де жалғасын табуы тиіс екенін атап өтті.
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі