Медицина қызметкерлерінің күні

 Медицина қызметкерлерінің күні

Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шараға қатысушыларды Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады.

Облыс әкімі бүгінгі күні облыстың және жалпы елдің медицина қауымдастығы алдында салмақты, уақыттың өзі талап етіп отырған міндеттер тұрғанын,оларды шешу үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен көлемді қаржы бөлінетінін, соның арқасында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жетілдіріліп келетінін атап өтті.

«Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. «Соңғы 3 жылда 800 млн. теңгеге 14 нысан жөндеуден өтті. Биылғы жылы тағы облыстық бюджет қаражатынан 2 нысанды күрделі жөндеуден өткізу жоспарда бар. «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасы аясында республикалық бюджет есебінен орталық аудандық ауруханаларға тағы бір күрделі және 3 ағымдағы жөндеу жүргізу қарастырылған», - деді Архимед Мұхамбетов.

Іс-шарада «Еңбек ардагерлері» медалі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы мен алғыс хаты, облыс әкімінің грамоталары табыс етілді.

Іс-шара соңында денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері үшін мерекелік концерт өтті.