БАҚ-та және әкімдіктің ресми сайтында жариялау үшін хабарландыру

БАҚ-та және әкімдіктің ресми сайтында жариялау үшін хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша 2021 жылғы 30 шілдеде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бахыт Амангелдіқызы Есімованың «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтеді.

Ішкі саясат, білім, ғылым, демография, мәдениет, тілдер, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының қызметін үйлестіреді.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентіне сәйкес қабылдауға жазуды «egov.kz» Электрондық үкімет порталынан электрондық түрде келіп түсетін белгіленген нысандағы өтініштердің, сондай-ақ пошта арқылы және қолма-қол берілетін жазбаша өтініштердің негізінде қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 12-23 шілдеге дейін аралығында жүзеге асырылады.

Қабылдауға жазылу бойынша консультацияны 8 (7142) 575-013  телефоны бойынша алуға болады.

Өтініш