
Кәсіпорын ауыл шаруашылығы тракторларын өндірумен айналысады. Жобалық қуаттылығы жылына 3 мың тракторды құрауға жетеді. Зауытта 70-ке жуық адам жұмыс істейді, негізінен техникалық мамандық бойынша білім алған жастар еңбек етеді.
Зауыт жұмысымен танысу барысында негізгі өндірістен басқа, кабиналар шығаратын жаңа цех пен екінші құрастыру конвейерінің құрылысын бақылады. Бұл нысанды салу арқылы өңірде "Беларус" маркалы тракторлар өндірісін арттыруға негізделген. Кәсіпорын басшылығының ақпараты бойынша, жаңа жобаның арқасында жұмыс орындарының саны 200 адамға дейін артады.
-Бұл жоба облыстың машина жасау саласын одан әрі дамытуға оң әсерін тигізеді деп есептеймін,-дейді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.
Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға кәсіпорынға жәрдемдесу туралы тапсырмалар берді.
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі